Бір ауыз қазақша білмейді: Зарина Омарова балалары үшін ұятқа қалды
Әнші: Үйде мен ғана қазақша білемін, қазақша сөйлей аламын.
Марат Омаровтың қызы Зарина Омарова отбасын көпшілікке көрсетемін деп ұятқа қалды. Әншінің мектеп жасындағы бір ұл, бір қызы бір ауыз қазақша сөйлей алмайтын болып шықты. Танымал сазгердің қазақы тәрбиедегі отбасынан шыққан Зарина балаларының бұл кемшілігі үшін өзін қатты кінәлайтынын, ұялатынын жасырмай айтты. "Үйде отағасы орыс тілді. Отбасымызда үшеуі де орыс тілінде сөйлейді. Әрине бұл менің қателігім, өзім ұяламын. Үйде мен ғана қазақша түсініп, қазақша сөйлеймін",-дейді әнші.