Алматыда марафонға қатысқан 18 жастағы жігіт қайтыс болды
Санкт-Петербург кәсіподақ гуманитарлық университетінің студенті астаналық Максим Королев Алматыда болған марафон кезінде көз жұмды
18 жастағы студенттің марафонға қатысар алдында денсаулығында ешқандай ақаулық байқалмапты. Марафон кезінде оған қолдау көрсеткен группаластарының сөзіне сенсек, қаза болған жігіт “күрес пен самбодан” Қазақстанның спорт шебері атағына үміткер болған. Куәгерлердің сөзіне сенсек, Абай көшесінің бойымен жүгіріп келе жатқан жігіт ақтық мәреге бір орам қалғанда өзін нашар сезінген. Оқиға орнына 3 минуттан кейін келген жедел жәрдем жігітті өлді деп таныды. Дәрігерлердің хабарлауынша, жігіттің неден қайтқаны медициналық сараптамадан кейін анықталады. Марафон ұйымдастырушылары марқұмның туыстарына қаралы хабарды жеткізіп, көңіл айтты.