Үйлену тойынан сурет жариялаған Бүркіт көпті тәнті етті
Танымал жұлдызды жұптың отау құрғанына 8 жыл толған екен
Әнші Бүркіт үйлену тойынан сурет жариялап, үш бала туып берген жары Аишаға алғыс айтты. “Отбасы құрғанымызға 8 жыл өтіпті. Әльxамдулилляһ. Зейін, Омар және Сафия. Раxмет саған жаным”, – деп жазды Бүркіт. Тыңдармандары Бүркіт пен Аишаға ақ тілектерін арнап, бұл жұпты халықтың ерекше жақсы көретінін атап өткен. “Бір жастықта қартайыңыздар, сіздерді ең үлгілі жұп деп білеміз, бір-бірлеріңізге сондай жарасасыздар”, – деп ақжарма тілектерін білдірді.