Басты жаңалықтар

Айнытпай салдыңыз: Луина отандық әншілерге пародия жасап, жұртты таңдай қақтырды (видео)

Отандық танымал әнші Луина әріптестері Жанар Дұғалова, Мақпал Исабекова, Қайрат Түнтековтің даусын, ән айту мәнерін салды

Видеоны әнші Луина өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасына жүктеген. Видеода ол “Қызық Times” бағдарламасын жүргізетін Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабектің өтінішін орындап, әріптестеріне пародия жасаған еді. “Кімге пародия жасасам болады”, — деп жазды әнші видеоның астына. https://www.instagram.com/p/Boz9bYqnQw_/?utm_source=ig_web_copy_link Желі қолданушылары әншінің тың өнерін жоғары бағалады. “Түнтековтың аяқ жағы күшті кетті”, “Күшті, жарайсыз. Даусыңыз өте әдемі”,  “Қайрат әдемі кетті”,  “Күшті. Айнытпай салды” деп жазды олар.