Қыздарым рұқсат берген: Алтынай Жорабаеваның екінші рет тұрмысқа шыққаны рас па?
Осыдан біраз уақыт бұрын төрт қызымен Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасып кеткен Алтынай Жорабаеваны оқырмандары "екінші шаңырақ" көтеруімен құттықтауда. Әншіге қатысты бұл қауесет қаншалықты рас?
Осыдан біраз уақыт бұрын Алтынай Жорабаева "қыздарым қайта тұрмысқа шығуыма қарсы емес" деп айтып, оқырмандарын қызу талқыға салған болатын. Олардың кейбірі тіпті, әншінің екінші рет шаңырақ көтерді деп қауесет таратып, Алтынайды жан-жақты құттықтап жатуда. Бірақ,Жорабаева мұның бәрін жоққа шығарды.
"Жоқ, әрине. Ондай қуанышты жағдай болып жатса, неге бөліспеске? Кімнен жасырамын? Халықтың бәрі ертеңгі күні не болатынын білмейді ғой. Қыздарым өсіп қалды. Күйеуді ойлайтын жағдайда емеспін. Ондай бақытты күн туып жатса, айтамын ғой", - деді Жорабаева.