Бәліш пен ботқа әзірлеу: Атышулы продюсер Баян Алагөзованың бір күндік өмірі қалай өтеді?
Танымал продюсер Баян Алагөзова демалыс күні күйеуіне таңғы ас әзірлеген сәтін, одан кейін “аяқ киімге толы” үйін көрсетті
Баянның айтуынша, оның күні ботқа мен жұмыртқасыз басталмайды. Таңғы асқа міндетті түрде осы екі тағамды әзірлейді екен. Сөзінше, күйеуі Тұрсынғали Алагөзов жұмыртқаны сүйіп жейді екен. “Өте сирек жасаймын. Тек жексенбі күндері. Көбінесе таңғы асты сырттан ішеміз. Ал бүгін бәрін өзім жасадым. Күн сайын осылай тамақтанамыз. Тек Ажар дайындайтын, ал бүгін өзім әзірледім”, – деп мақтанды Алагөзова. Бұдан өзге, Мақсатқызы қамыры айраннан жасалған бәліш әзірлеп, көпшілікті таңғалдырды. “Менің бәліштерімді барлығы жақсы көреді. Кейбіреулер сүттен жасайды, бірақ ол ауыр боп кетеді. Айраннан жасалған жеңіл әрі дәмді. Отбасымда осы бәліштеріммен танымалмын. Мен жасасам, үлкен де, кіші де жеп қояды. Бірақ бұл жиі бола бермейді. Мүмкін жылына бір рет”, – деп күлді Баян. Сондай-ақ, танымал продюсер аяқ киімге толы гардеробын көрсетті. https://www.instagram.com/p/Bo7OgFkAqzr/?utm_source=ig_web_copy_link