Дүкенде сатушы болып жүргенімде бір әйел кісі келіп, "Ақша тапқың келеді ме?" деп сұрады. Сондай-ақ, бір адаммен таныстыратынын айтты. Сол кезде анам науқастанып, ақша керек болып жүрген еді.
Мен қандай жұмыс болса да істеймін. Тек ақша жетпейді. Түсінесіздер ме? Менің шалқып өмір сүргім келетін шығар.Біздер жайлы қаншама бағдарламада әңгіме қозғалып жатыр.Бірақ, ешқайсысыңыз менің сүрген өмірімді сүрмедіңіздер. Не көріп, не көрмегенімді білмейсіздер.
Ешкімнің де арын қорғағым келмейді. Тек жезөкше дегеннің бәрі жаман емес", - деді көз жасына ерік берген Айнұр.