Сауд Арабиясында салафит ағымындағы шымкенттік ұсталды
Ол ғаламтор арқылы қазақстандықтар арасында заңсыз насихат жүргізген
“Салафит ағымын ұстанып, заңсыз миссионерлік бағытта жұмыс істеп жүрген Сарыағаш қаласының тұрғыны Ділмұрат Махаматов ұсталды. Күдіктіні Сауд Арабиясының құқық қорғау органдары қамауға алды. Ол ғаламтор арқылы қазақстандықтар арасында заңсыз насихат жүргізген”, – делінген ішкі саясат ауданық бөлімінің хабарламасында. Ділмұрат Махаматовтың желі қолданушылары арасында «Дильмурат Абу Мухаммад» атымен таныс. Ол дінаралық және ұлтаралық алауыздықты қоздырды деп айыпталуда.