Қызылордадағы жігіті басын кесіп алған қыздың оқиғасы бойынша мән-жай анықталды.
Бойжеткеннің отбасындағылар оны сүйген жігітіне тұрмысқа беруге қарсы болған.
Қызылорданың Тасбөгет ауылында болған сұмдық жайттың мән-жайы анықталды. Ауыл адамдары бұл оқиғаға қатысты өз ойларын айтты, деп хабарлайды Newtimes.kz. “Біздер бойжеткеннің ата-анасы жігітке тұрмысқа шығуына қарсы деп еститінбіз. Бірақ өлтіргені тым артық. Алып қашпай ма? Бізде осылай жасайды ғой. Сонда ата-анасы ешнәрсе дей алмайтын еді”, – дейді тұрғын. Ауыл тұрғындары оқиға болған күні қыз бен жігіттің сөйлесіп отырғанын көрген. Марқұм қыз полицей ағасының үйінде тіркеуде болған. Көршілердің айтуынша, бойжеткен бірнеше ай бұрын медицина мамандығын бітіріп, облыстық емханаға жұмысқа тұрған. Ол өте мейірімді әрі тәрбиелі қыз еді дейді білетіндер. Ал, жігіт жоғары санаттағы мұғалім. Қыз бен екеуі Қармақшы ауданындағы бір ауылдан шыққан.