Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Адам өлтірген жоқ: Серіков жұртты Төреғали жасаған заңсыздыққа кешіріммен қарауға шақырды

Күні кеше "Ұлы дала комедиясының" тұсауы кесіліп, Төреғалидің тырнақалды туындысымен әріптестері құттықтауға келген. Қатарында болған Тоқтар Серіков өнердегі інісін құттықтап, оның басына түскен даулы мәселесіне де ойын білдірді

16.10.2018
0
Адам өлтірген жоқ: Серіков жұртты Төреғали жасаған заңсыздыққа кешіріммен қарауға шақырды

Отандық жұлдыз үнемі даулы мәселеге тап болатын Төреғалиге қатысты өз ойын айтып, өнердегі інісін барынша жақтауға тырысты.

«Шынымды айтсам, ол сәтте қандай жағдай болғанын мен білмеймін. Бәлкім, балалар келінге көнбеген шығар. Бәлкім, басқа бір жағдай болған шығар.

Соншалықты, алып-ұшып даурығатын мәселе емес. Әрине, ұшақты күттіріп қойған дұрыс болмаған. Алайда, ініміз уақытты байқамай қалған шығар.

Кешіріммен қарауға болатын дүние ғой. Құдай сақтасын, біреуді атып, біреуді ұрып, мерт қылған жоқ. Аса үлкен қылмыс көріп тұрған жоқпын.

Қоғамда ауыр қылмыс жасаса да талтаңдап жүрген бай-шонжарлардың еркесі көп. Сол мәселелерді қолға алған дұрыс деп ойлаймын» , — деген әнші керісінше «Ұлы дала баласын» өзгеге үлгі ету керектігін айтты.

«Қателеспеу үшін де қателесу керек. Ең бастысы, сол қателікті қайталамауға тырысу мақсат. Біздің қоғамда шаштарын қызыл-жасылға бояған, құлағы мен мұрнын тесіп, намысты ұмытқан еркектер қаншама.

Меніңше, сондай қыз секілді еркектер қоғамды ластап жүрген кезде Төреғали секілді ар-ожданы биік, діні мен тілін жетік білетін жастар болашақ ұрпаққа үлгі болмақ. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды», — деп інісіне қолдау көрсеткен Тоқтар мырза ағалық ақылын да айтып өтті.

Сондай-ақ , Тоқтар Серіков Төреғалидің фильмінің алғашқы жабық көрсетіліміне не себепті Бейбітсіз келгенін түсіндірді. Анықталғандай, әншінің жұбайы жақын арада дүниеге төртінші балаларын әкелмек.

«Қазір Бейбіт көпшілікке көп шығып жүрген жоқ. Шаңырағымыздағы шілдехананың да ауылы алыс емес. Айы-күні жеткендіктен ол кісі үйде.

УЗИ деген бар ғой. Өмірге кімнің келетінін мен білемін. Өте қуаныштымын.

Бірақ, қазір жариялап айтпай-ақ қояйын. Ең бастысы, аман-есен болып дүниеге келсін деп тілеймін. Қуаныш күні сүйінші сұраймын», — деді Серіков.

Бөлісу14Твит9
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6023 бөлісу
    Бөлісу 2409 Твит 1506
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3203 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1406 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 352
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1379 бөлісу
    Бөлісу 552 Твит 345
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.