Макгрегор Нұрмағамедовты реваншқа шақырып, оған 15 миллион доллар ұсынды
Хабиб Нұрмағамедовтің ағасы Алекс Нұрмағамедовтың айтуынша, ирландиялық Конор Макгрегор інісіне қарымта кездесу үшін 15 миллион доллар (5 млрд 500 млн теңгеден аса) ұсынған
Өз кезегінде Хабиб Нұрмағамедовтың ағасы қарымта кездесудің болмайтынын атап өтті. «Ол Хабибке қызық емес. Оған қанша ақша берсе де, онымен айқаспайды. Иә, мен олардың Хабибке қарымта кездесуді ұсынып отырғанын білемін. Хабиб келіскен жағдайда, олар 15 миллион доллар (5 млрд 500 млн теңгеден аса) ұсынды. Алайда Хабиб «жоқ» деді. Конор кезекке тұрсын, өзгелермен жұдырықтассын. Ал Хабиб Фергюсонмен айқасып, мұнан кейін мансабын тәмамдағысы келеді», – дейді Алекс Нұрмағамедов. Естеріңізге сала кетейік, 7 қазан күні Хабиб Нұрмағамедов UFC-дің чемпион атағын қорғап, Конор Макгрегорды жеңген еді.