Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ақтөбеде лифтіде қайтыс болған журналист өлімі үшін 5 млн теңге моральдық шығын сұралды

Ақтөбеде тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың ісіне қатысты сот процессі жалғасуда. Жәбірленуші тараптың қорғаушысы сотқа моральдық шығын өндіруге қатысты талап арыз берді

17.10.2018
0
Ақтөбеде лифтіде қайтыс болған журналист өлімі үшін 5 млн теңге моральдық шығын сұралды

Айзат Әбдісаматтың  өліміне күдікті деп танылған Жарылқасын Ақжановтан жәбірленуші тарап   5 миллион теңге моральдық шығын өндіруді талап етіп отыр. Оны кезекті сот отырысында жәбірленуші тараптың қорғаушысы мәлімдеген болатын.

Алайда қайғылы жағдайға өзін кінәлі санамайтын айыпталушы Ақжанов ондай ақшаны төлей алмайтынын кесіп айтты.

«Қайғыңызға ортақпын. Орны толмас қаза. Садақаға бару ойымда болды. Полициядан сескендім. «Кінәлі болған соң, жуып-шаюға келіп жүр» деп ойламасын дедім. Осы жағдайдан кейін менің жүрегіме екі рет ота жасады.

Жұмысқа шыққанымда бәрі мені кінәлап жатқанын білдім. Мен отбасыммен, алты немереммен ант етемін. Кінәлі емеспін. Мен 5 миллион теңге төлей алмаймын. Мұршам жоқ. Отбасыға көмектесіп тұрудан қашпаймын», — деді Жарылқасын Ақжанов.

Сотта екінші айыпталушы Жәнібековтен моральдық шығын сұралған жоқ. Ол қайғылы жағдайдан кейін отбасыға көмек көрсеткен екен.

«Өлген баламның артын шулатқым келмейді. Маған ештеңе керек емес. Балам да тыныш жату керек. Әдейі өлтіргендерді де кешіріп жатыр. Мен де анамын. Тасжүрек емеспін. Соттатып жіберіп, біреудің отбасын жылатпай-ақ қойдым», — дейді марқұмның анасы Айша Төлемісова.

Сотта қаралып жатқан тележүргізушінің өліміне қатысты іске журналистер де куәгер ретінде шақырылған. Оқиға бойынша репортаж жасаған жергілікті телеарнаның тілшісіне көпқабатты үйдің тұрғыны лифтінің бір күн бұрын да істемей қалғанын және сол кезде лифт жөндейтін танысын шақырғанын айтқан.

Айыпталушы тарап журналистке сұхбат берген тұрғынның жауабы маңызды болатынын айтып, ескі лифтіні басқа адам жөндегеннен кейін қайғылы жағдай орын алуы мүмкін дегенді алға тартты.

Сот айыпталушы жақтың ұсынысын ашық қалдырды. Жауаптың үшінші тараптан емес, тұрғынның өзінен алыну керектігін айтты.

 

Бөлісу10Твит6
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6021 бөлісу
    Бөлісу 2408 Твит 1505
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3203 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2028 бөлісу
    Бөлісу 811 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1405 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 351
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1373 бөлісу
    Бөлісу 549 Твит 343
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.