Оразымбетова: Күйеуім клипке түгілі, менімен суретке де түспейді
Жақында ғана “Махаббат деген” атты бейнебаянының тұсауын кескен әнші клипте өзге жігітпен құшақтасқаны үшін тыңдармандарының сынына ұшыраған еді. Көптің көкейінде жүрген сұрақтарға әншінің өзі жауап берді
Жақында тұсаукесері болған бейнебаянда Гүлнұр мен актер Азиз Бишеналиевпен романтикалық сипатта түсіп, көпшілікті қызу талқыға салып, түрлі пікір айтуға себепкер болды. Араларында тіпті Оразымбетованы күйеуімен ажырасып кетіпті деп жатқандары да болды. “Менің жолдасым мемлекеттік қызметкер. Сондықтан ол кісі бейнебаянға түгілі, суретке де түспейді. Мен тек өзімнің жұмысыма қатысты дүниелерді әлеуметтік желілерде жариялай аламын. Отбасылық құндылықтар, ол кісімен, балалармен суреттерді жариялауға рұқсат жоқ. Сондықтан, бейнебаян тіпті талқыланбайтын дүние. Ол кісіден рұқсат сұрап, біз адамдарды таңдадық. Көп адамдар байқап жатыр, бейнебаянға түскен актер Азиз Бишеналиев менің жолдасымның жас кезіне қатты ұқсайды. Жолдасым туралы сұрақ қоймай-ақ қойсаңыздар да болады”, – дейді Оразымбетова.