Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақты құрбан етіп жатырсыңдар: “Меломен” тобы өнерде тәнін саудалап жүрген қыздар жайлы ащы шындықты айтты

Қазақты құрбан етіп жатырсыңдар: “Меломен” тобы өнерде тәнін саудалап жүрген қыздар жайлы ащы шындықты айтты
ашық дереккөз
"Меломен" тобы жақында ғана анайы кадрлары бар клип түсірген Кәмшат Жолдыбаева мен Нұрболат Абдуллинге қатысты пікірлерін айтты 
“Біздің қазіргі өнерде жүрген қыздардың барлығы әдемі. Жабық, қазақи киінсе де өзінің көркін керемет қып көрсете алады. Міндетті түрде мүшесін көрсетіп, сатылудың қажеті жоқ. Ашық-шашық сурет салдым деген сөз сатылып жатырмын деген сөз. Осы арқылы мені әңгіме қылады, маған PR, мен жайлы талқылау жүреді деген сияқты”, – дейді “Меломен” тобының әншісі Ролан Қазретов. Топ жігіттері бүгінгі қыздардың “лайк” үшін тәнін көрсетуге дайын екенін айтып күйінеді. “Әріптестерімізге, жас қыздарға айтарым, сіздер біліңіздер, өздеріңізді ғана емес, қазақты құрбан етіп жатырсыздар. Болашақ кішкентай қарындастарымызды еліктетіп жатсыздар. Ертең ол да тәнін сатады, барлық жерін сатады. Соған алып келеді”, – дейді жігіттер. “Меломендік” жігіттердің бұл пікіріне “Заман” тобының әншісі Әсет Қарабалин да қосылады. “Ішіміз күйеді, келіншегіммен, отбасыммен отырсам, теледидардан сондайды көрсетіп жатады. Ішіңнен өкініш пайда болады, бірақ амал қанша? Бұл кісілерге айтатын адам бар ма деп ойлап қаласың. Бірақ енді кездескенде, достарымызбен жиналып қалғанда “ұят болған екен” деп мұңайып қаламыз. Мұндай болмайды ғой, өзіміз арыла алмай жүргенде, мұнысы нес деп қаласың? Ақыл-есі дұрыс ер азамат болса, әрине ондайларға қарамайды. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ кей қыздарымыз өте жалаңаштанып кетті. Өзін көрсеткісі келе ме, ақылы жетпейді дейін десең дені дұрыс адам сияқты. Өзіміздің де қарындастарымыз, кішкентай қызымыз бар. Адамның ақыл-есі басқа жаққа кетіп бара жатырмыз, әннің өзінде қазақилықтың иісі жоқ болып кетеді”, – деп ашынды ол.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар