Атышулы алматылық Назар Роллан жүргізуші куәлігінен 6 айға айырылды
Алматы қаласының әл-Фараби даңғылында көлікпен қарама-қарсы бағытта жүйіткіп, жол ережелерін өрескел бұзған Назар Роллан жарты жылға жүргізуші көлігінен айырылды
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімшілік сот барысында Назар Роллан өз кінәсін мойындаған.
Анықталғандай, Роллан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596- бабы, 3- бөліміне сәйкес тәртіп бұзған.
"Мен жүргізушілік куәлігімді бұл оқиғадан кейін жоғалтып алдым. Енді таксимен жүремін", - деген Назар Роллан..
Естеріңізге сала кетейік, біраз уақыт бұрын Назар Роллан әкімшілік жазаға тартылып, жеті күн абақтыда отырып шыққан еді.