Қарағандыда ұры мешітке келгендердің қалтасын қаққан
Қарағанды мешітінде намазға келгендердің заттарын ұрлаған азаматтың ісі бақылау камерасына түстіп қалды
Орта жастағы ер азаматтың қимыл қозалысы намаз оқып тұрған адамға әу бастан-ақ ұқсамайды. Жан-жағына жалтақтап тұрған оған ешкім де мән бермеген. Ақыры жұрт жайнамазға бетін берген санаулы секундтарды сұғанақ ұтымды пайдаланады. Айналасындағы екі сөмкені жылдам жымқырып, есікке қарай зыта жөнелген. Ал 23 жастағы студент жер сипап қалғанын намаздан кейін бір-ақ біліпті. Сөмкеде оның киім-кешегі, ақшасы, құжаттары мен ұялы телефоны болған екен. Камераға бет әлпеті түсіп қалған ұрыны полиция бес күнннен бері іздестіруде. «Алланың үйі мешітте ешкім ештеме істемейді деп ойлаймыз ғой. Мешіт қызметкерлері ол азамат туберкулезбен тіркеуде тұрған дейді. Анда-санда келіп тұрады екен мешітке. Бірақ полиция қызметкерлері оны танымаймыз деп отыр»,-деп жазды зардап шегуші Еламан Бейсе.