Үстінен қылмыстық іс қозғалған Төреғалидің оқиғасы бойынша сот үкімі шықты
Әнші соттың осы талабын бір аптада орындамаса, жаза осыдан бірнеше есеге қатайтылады екен.
“Тергеу барысында Әлихановтың ( Төреғали Төреәлі) әрекетінен ешқандай қылмыстық белгі табылмады. 16 қазан күні Әлихановтың үстінен әкімшілік құқық бұзушылық құқық туралы кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды”, – деп хабарланды соттың баспасөз қызметінен. Төреғали мемлекеттік шекарадан өту ережесін бұзып, рұқсатсыз өткені үшін 5 АЕК, сондай-ақ, әуежай аумағында рұқсатсыз жүргені үшін 1 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Әкімшілік айыппұлды 7 тәулік ішінде төлемеген жағдайда, жазаның ауыр түрі қолданылады”, – дейді баспасөз қызметіндегілер. Естеболса, Төреғали билетсіз сыртқы рейстерге қатынайтын ұшаққа отбасымен кіріп отырып алған. Әншінің осы тәртіпсіздігі кесірінен Алматы-Гонконг бағытындағы ұшақ бірнеше минутқа кешігіп ұшқан. Төреғалиді әйелі мен балаларын шығарып салу үшін ұшаққа жіберген әуежайдың төрт қызметкеріне айыппұл салынды.