Қайрат Нұртас 4 күннен бері Астана ауруханасында емделіп жатыр (видео)
Әнші өзі жатқан аурухананың VIP бөлмесін тыңдармандарына таныстырды
Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас бірнеше күннен бері сырқаттанып Астана ауруханаларының бірінде ем алып жатыр екен. Оның емделіп жүрген тыңдармандары әншінің денсалығына біраз алаңдап қалғандарын да жасырмаған. Қайрат көпшілікке неден емделіп жатқанын, жағдайы қалай екенін ашық айтпағанымен, өзі жатқан аурухананың VIP бөлмесін әндете отырып таныстырған. "Міне осында жатқаныма 4 күн болды. Ешқайда шығармайды, шығуға да болмайды. Тек осы жерде жату керек",-дейді өз сөзінде Қайрат Нұртас.