Басты жаңалықтар

Аппағым: Сүйіктісіне ән арнаған отандық әнші көпті тәнті етті (видео)

Отандық белгілі әнші Роза Әлқожа су жаңа бейнебаянына өзінің күйеуін түсіріп, тыңдармандарын қуантып қойды

"Аппағым" деп аталатын әніне клип түсірген Роза бұл жолы кейіпкер ретінде өзінің жұбайын таңдапты.

Бес баласы бар әнші бейнебаянда күйеуі екеуі ақ түсті киіммен қала көшелерін аралауға шыққан.

Желі қолданушылары болса "Менің сүйікті әншім", "Өнеріңіз өрге жүзсін", "Сізді жақсы көреміз" секілді жағымды пікірлер білдірген.

Айта кетейік, әншінің күйеуі журналист, редактор. Есімі -Айдын Әбдібекұлы Қаба.

https://youtu.be/3WaYAqt0N5k