Головкиннің келесі кездесуі қашан болатыны ресми түрде белгілі болды
Леффлердің сөзінше, GGG-дің келесі кездесуі көктем уақытында, яғни наурыз айынан ерте, мамыр айынан кеш уақытта болмайды
Отандық боксшының қарсыласы әлі белгілі болмаса да , промоутер бұл жекпе-жек Сауль Альвареспен немесе орта салмақтағы WBA әлем чемпионы Риота Муратамен болуы мүмкін екенін айтты.
"Біз ұйымдастырған кез келген жекпе-жек бізге "Канеломен" үшінші кездесу өткізуге кедергі болмайды. Бірақ орта топта, бұрын қаламаса да, қазір Геннадиймен рингке шыққысы келетін боксшылар көп. Мұның барлығы оның ақшаны көп әкелуіне және қазір әр қарсыласын нокаутқа түсірмегеніне байланысты болды", - деп бөлісті Том Леффлер.
Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні Головкин Сауль "Канело" Альвареске есе жіберіп қойған болатын.