Кітап жазбай, палауыңды сат: Қуаныш Шонбай жазушылығын сынағандарға ренжіді
Кәсіпкер: Оқып алғанымды аударып жазсам да, сол кітаптың қаншама адамға пайдасы тиді
Бүгінде қазақ қоғамында үлкен танымалдыққа ие болған кәсіпкер Қуаныш Шонбай өзінің "жазушылығын" сынаған апайына ренішін білдірді. Себебі, кәсіпкерді сынаған кісі оның намысына, іскерліктегі беделіне нұқсан келтіретін ауыр сөздер айтқан. Мен "Екінші болма"-ны жазғанда бір апайымыз: "сен палауыңды сатып жүре бермедің бе? Кәсіпкердің кітап жазғаны несі. Кім көрінген жазушы болып кетті ғой. Кітабың түкке тұрғысыз, жәй әңгіме. Оқып алған кітаптарды аударып бере салғансың"-деп жекіп еді, менің кітап жазғанымды біртүрлі көріп. Сол кітаптан қоғам зиян шекті ме? Тек пайдасын көргенін байқадым",- деп жазған кәсіпкер. Бүгінде халыққа бизнесті меңгеру бойынша кеңесін айтып, түрлі тренингтерге түрткі болып жүрген Қуаныш Шонбай көпшілікке жақсы өмірге ұмтылу барысында қателесудің өзі керек екенін айтады. "Оқиық, дамыйық, көрейік, білейік, саяхат етіп, ел таниық. Өзімізге тән ішкі жауһарды табайық. Өзіміз бен қоғамды керемет шедеврлермен байытайық. Керек болса, осы жолда қателесейік.",- деп жазды ол.