Арулардың арманы болған жігіттің ең ұзақ қызбен кездескені үш айға созылыпты.
«Мамандығым бойынша қаржыгер және психологпын. 13 жасымнан психологиямен әуестенемін», — деді Димаш.
Қазіргі таңда бозбала екі жоғарғы оқу орнын тәмәмдапты. Бір жылдан кейін үшіншісін аяқтайды екен.
Димаш ағылшын, орыс, француз тілдерінде еркін сөйлейді. Негізгі тілі ағылшын тілі екен. Бала кезінен осы тілде сөйлеп, ғылыми жұмыстарын да осы тілде жазған. Болашақта қазақ, испан және қытай тілдерін үйренбекші.
Желі жұлдызына айналған жігіт соңғы рет қызбен ресми қарым-қатынаста үш жыл бұрын болған екен.
«Бойдақ болғандықтан басқа қыздармен кездесе беруіме болады деп ойлаймын. Осылайша біз қыздарды түсінуді үйренеміз. Бірақ мен шын көңілмен қызды ұнатсам, басқалар туралы ойлай алмаймын. Ешқашан көзге шөп салған емеспін, өмірімде опасыздыққа орын жоқ», — деді Димаш ағынан жарылып.