Өмір сүргіміз келеді: Алматы облысында билікке ашынған жұрт жолды бөгеп тастады
Алматы облысы Ескелді ауданының тұрғындары қолдарына "өмір сүргіміз келеді" деген жазуы бар плакат алып, өңірдегі үлкен жолды жауып, көліктерді өткізбей қойған
Қарабұлақ тұрғындарының айтуынша, ауыл іші арқылы өтетін облыстық жолда жүретін көліктер жаяу жүргіншілер жолына назар да аудармайды екен.
Олар тоқтамақ түгілі, жылдамдығын да баяулатпайтынкөрінеді. Соның салдарынан, бірнеше күн бұрын жаяу жүргіншілер жолында 18 жастағы қыздың өмірі қиылған.
"Аудан әкімінің өзін шақырған болатынбыз. Бірақ оның орынбасары келді. Сұрап отырғанымыз, бізге қосымша жаяу жүргінші жолын салып берсе және басты мәселе, жылдамдықты бақылайтын бейнебақылау орнатып, жарықты дұрыстаса. Себебі, біз күніне жаяу жүргінші жолымен сан мәрте өтеміз. Бірақ көліктердің жылдамдығын асыратыны сонша, қағып кете жаздайды",- дейді ауыл тұрғыны Елена Улеватая.
Ал аудан әкімі халықтың не үшін наразылық танытып жатқанынан бейхабар болып шыққан. Ол жұрттың қарсылық тудыруының себебін өз орынбасарынан сұрап біліпті.
Ал әкім орынбасары бұл мәселенің шешімін ауыл тұрғындарына айтатынын мәлімдеген.