Басты жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия королі  Филиппен кездесті

Іс-сапармен Бельгияға барған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Королі Филиппен кездесті 

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бельгияның саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Бельгияны әуелден өзара түсіністік пен құрметке негізделген достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.