Өмірі толығымен өзгерді: "Қасқыр бала" атанған Абылай Наурызбаев дертінен айыға алды ма? (фото)
Қазақстандық Абылай Наурызбаев әлемдегі сирек кездесетін гинетикалық ауруға шалдыққан болатын
Денесін толықтай түк басқан Абылай гипертрихоз дертіне шалдыққан еді. Бүгінде 22 жасқа келген жігіт Польшада медициналық университетте хирург мамандығы бойынша білім алып жүр екен.
"Ерекше болып туылғанымды білемін. Денемдегі түктер мүшел жасымнан бастап, өздігінен түсе бастады. Маған түктерім аса теріс әсер етпеген. Мектеп кезінен биология пәнін жақсы оқыдым. Енді хирург мамандығына оқып жатырмын.
Отбасымда мен жалғыз түкті адаммын. Қызық қуып, әлемде өзім секілді бірнеше адамның бар екенін білдім.
Болашақта әке болып жатсам, балаларымда бұл ауру тұқым қуалайды деп ойламаймын. Барлығы Алланың қалауымен болатын дүние ғой", - деді Абылай.