42 немере, 35 шөберем бар: Атышулы “Қалаулым” бағдарламасына 81 жастағы қария келді (видео)
81 жастағы қария «Қалаулым» бағдарламасының Жанна атты қатысушысына үміткер болып келді
Қарияның айтуынша, ол 2008 жылы жұбайынан айырылып қалған. Бірақ күні бүгінге дейін әлі ешкіммен қосылмаған көрінеді. Тек бір жыл бұрын өзбекстандық келіншекпен бас қосқаны сол еді, оның жөзекше екенін білгеннен кейін одан тонын ала қашқан. Бүгінде басы бос және өзінің талғамына сай жар іздеуде екен. Әулие жерлерге барғаннан кейін қария өзінің 86 жаста қайтыс болатынын білді. Сол себепті қалған өмірін сүйіктісімен бірге өткізгісі келеді. Жанна ханымға үміткер болып келген қарияның қазір 42 немересі, 35 шөбересі бар екен. Сонымен қатар, болашақ жарына бойы 170 сантиметр, салмағы сүйегіне сай болу керек деген шарт қойып отыр. «Мен Ресейдің 16 облысында, Қазақстанның 40 пайыз, Өзбекстанның 80 пайыз аймағында болып, бір әйелге барған емеспін. Тек өзімнің көрпемде болады, сол үшін мен бақыттымын», – дейді үміткер қария. https://www.instagram.com/p/BpEHSdKhl5n/?utm_source=ig_web_copy_link