Басы даудан арылмайтын Төреғали өзіне қатысты шуларға жауап қатты
Үнемі шудың төңірегінде жүретін Төреғали Төреәлі өзінің қылықтарын түсіндіріп өтті
Әншінің айтуынша, соңғы уақытта шудың ортасында жүруі оны қатты шаршатқан. Ол өзінің әрекеттері қалайша жаңалыққа айналып кететінін түсінбейтінін жеткізді.
"Маған мән бермей-ақ қойса екен. "Қит етсе, хит болады" дегендей, күнде азанда тұрғанда бір жаңалық болып жатады. Оны жасаған болып шығасың. Ол, әдетте, бүкіл адам жасап жүрген тірлік. Маған келгенде ол жаңалық болып кетеді", - деді әнші.
Сондай-ақ, ұлы дала баласы әр қадамы үшін, әр секунд сайын сынға ұшырағандай болып жүрмін дейді.
Төреғали Төреәлі осы жетістікке жеткізген Құдай мен ел-жұртының бар екенін де сөз етті.
"Әуелі Құдай, содан соң ел-жұртымыз бар қолдап тұрған. Жақсы десін, жаман десін. Өзегімізден тепсе де, өз еліміз ғой. Елемей, ескерусіз қалғаннан гөрі солай болғаны жақсы", - деді Төреғали.
Әнші бала кезден кино түсіруді армандағанын да айтып өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Төреғали Төреәлі жақында ғана "Эйр Астана" ұшағына рұқсатсыз кіріп, шу шығарған еді.