Басты жаңалықтар

Әйгілі "Боз торғай" әнінің авторы Абдрахман Асылбеков өмірден озды

Танымал ақын, көптеген өлеңдердің авторы Абдрахман Асылбеков 80 жасында дүние салды

Суық хабарды  әнші Мейрамбек Беспаев жеткізді. “Бүгін ақын Абдрахман Асылбеков ағамыз дүниеден өтті. Алла алдынан жарылқасын. “Бозторғаймен” көкке самғатқан ағамның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын”, – деп өкініш білдірді әнші. https://www.instagram.com/p/BpGYARMAh_K/?utm_source=ig_web_copy_link Айта кетейік, Абдрахман Асылбек 1938 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданының Үшарал ауылында дүниеге келген. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін мектепте мұғалім, әр жылдары газет-радиоларда, отандық баспаларда жұмыс істеген. Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының «Құқықтық Қазақстан» газетінде бас редакторы болған, одан бертін бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Абрахман Асылбектің ең алғашқы “Жапырақтар” атты өлеңдер жинағы 1961 жылы жарыққа шыққан. Сондай-ақ, қаламгердің шығармашылығында сықақтар, мысалдар, ертегілер мен повестер бар