Санжар Мәди: Балаларды ұру тек әлсіз ата-аналардың қолынан келеді
Танымал актер Санжар Мәди тәрбиелеу мақсатында балаға қол жұмсайтын ата-аналар туралы ойын айтты
Актер Санжар Мәдиевтің басты арманы - ЮНИСЕФ ұйымына қосылып, қазақстандық бүлдіршіндердің құқығын қорғай келе, оларды зорлық-зомбылықтан құтқару. Баланы қол жұмсаусыз тәрбиелеуді насихаттап, бүлдіршіндерді ұру – әлсіз ата-ананың ісі екенін айтты. «Балалар қаншалықты бұзық болса да олармен үлкен адамдай сөйлесе алмаймыз. Оларға дауыс, қол көтеруге құқылы емеспіз. Бүгінгі таңда әсіресе шығыс халқының менталитетінде баланы ұрып өсіру қалыпты болып саналады. Ұрып ұқтырмаса бала тыңдамайды деп ойлайды», – дейді Санжар. Қазақстанда баланы дөрекілікпен тәрбиелеу сәттерінің қалыпты екеніне наразылық танытқан актер балаға сөзбен айтып та түсіндіруге болатынын айтады. «Бала бәрін ұғады, кейде тіпті рухани тұрғыда ұғуы мүмкін. Олар ата-аналарының істегенін қайталайды. Сол үшін алдымен ата-аналар өздерін өзгертулері қажет», – дейді актер. Сөз соңында Санжар Мәди өзінің қызы Умайды ұрыспай тәрбиелеп, немелері үшін бақытты балалық шақ сыйлағысы келетінін жеткізді.