Ұят: Өз әнінің авторын білмей қалған Салтанат Бақаева тағы да сынның астында қалды
Хит әндерді іздегенде ақындарға жүгінгенімен, оларға құрмет көрсетуді ұмыт қалдырған Салтанат Бақаева жұртқа жақпай қалды
Бұл жолы су жаңа туындысын таныстырмақ болған әнші әнінің сөзін жазып берген авторды есіне түсіре алмады “Су жаңа әнім бар. «Сен үшін» деп аталады. Ғазизхан жазған әнін. Сөзін жазған Сара Тоқтақұлова. Ммм… Тоқтамысова ма? Тегі қандай еді? Қазір-қазір, қай ақын еді”, – деп сасып қалды Салтанат. Салтанат есімін еске түсіре алмаған белгілі айтыскер ақын Сара Тоқтамысованың өзі болып шықты. Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Бақаева семейлік ақынға қаламақы бермегені үшін елден сөз естіген.