Басты жаңалықтар

Айқын: Жұлдыздың аяғы ауыр болып қалғаннан кейін оған үйлендім

Әнші бірінші әйеліне алғысын айтып, оған 16 жасында құлай ғашық болғанын есіне алды.

Әнші айқын Төлепберген жеке өмірі, балалары мен әйелдері туралы алғаш рет ашық сұхбат берді. Ол бәйбішесіне алғысын айтып, жақсылықтар ел алдында паш етті. Ал орта жолдан өзгені сүйіп қалғанына ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ екен. Себебі, Жұлдызға үйлену, жаңа отбасын құру барлығы да айқынның шешімі. Бұл туралы "Астана" арнасындағы "Мақпал мекен" бағдарламасында айтылды. "Әселге алғысым шексіз. Өте ақылды, инабатты, тәрбиелі қыз. Ондай әйел кез келген жігітке бұйырса, біздің еліміз көркейіп кетер еді деп ойлаймын.

Себебі басы қатты істейді, жұмыс жағынан, өзі инженер. Қазір спортпен айналысады,  Қазақстанның чемпионы джиу-джитсудан. Дүние жүзіне барып бірінші орын алып келді. Менің балаларымды Әсел тәрбиелеп, ертең Алла қаласа балаларым да мықты болады. Бірақ енді алғашқы махаббатым ғой. 16 жасымда кездестік, көп уақыт бірге болдық. Қатты ғашық болдым. Бірақ өмір өзгереді. Басқа да адамды кездестірдім. Біреу Жұлдызды кінәлап жатады. Басын айналдырып алып кетті. Мен басын айналдырып кететін адам емеспін. Бәрін мен шештім. Әселдің өзі әлі күнге дейін менен ақыл сұрайды. Балам тыңдамай жатса, әкеңе айтам десе, ұлым қорқып отырады. Ал біреулер соны білмей, тастап кетті дейді.

Жұлдызды да кінәлаудың қажеті жоқ. Мен кінәлімін. Мен өзім сол қызға ғашық болдым, мен мойныммен көтеремін. Әсел күшті еді, немесе басқа деп салыстырудың қажеті жоқ. Екеуінің жас кезі бір-біріне қатты ұқсайды. Жұлдызды бәрі “стерва” деп ойлайды. Жап-жақсы, инабатты, тәрбиелі қыз. Жауапсыз болсам, аборт жасат дейтін едім. Бірақ бала көтергеннен кейін некеге тұрдық. Бала-шағам қасымда. Ұлымды да, қызымды да күнде көріп жүрмін. Мен олай істеген бірінші адам емеспін. "Балаларды тастап кеттің, олардың көз жасына қалуға қорықпайсың ба? " деп жазады.

Баласын тастаған адам күнде барып оның күнделігін тексеріп, сабағын қадағалап, тәрбие бермейді. Тастаған адам тастайды да кетеді. Мен ешкімді тастаған жоқпын, әрқашан да қасымда. Ешкімге ештеңе үйреткім келмейді. Әркімнің өз өмірі бар.",- деді Айқын.