Атырауда тегін тамақ бермегені үшін кафенің иесін ұрып кеткен полицейлер жұмыстан қуылды
Куәгерлердің айтуынша, кафеден қарындарын тойдырған бұлар ақша төлеуден бас тартқан көрінеді.
Оған қарсылық білдірген дәмхана иесін ұрып, тіпті іштегі жиһаздарды да сындырған, деп хабарлайды КТК арнасы. Ақырында өз дегендерін жасап, көрсетілген қызметке бір тиын да төлеместен кете барған-мыс. Бұл істі тексерген облыстық ішкі істер департаментінің қауіпсіздік қызметі әріптестеріне қатысты қылмыстық іс қозғапты. Сондай-ақ, ондағылар куәгерлердің айтқанын теріске шығарды. “Қазіргі кезде тәртіптік жаза қолданылып, қызметкерлерді жұмыстан қызметінен босату шаралары алынды. Бұдан бөлек кикілжің мәзірдің қаржысын төлемеу салдарынан емес, жаңағы кафенің иесі мен полиция қызметкерлерінің арасында болған келіспеушілік салдарынан болған. Ол азаматтар өзара туысқандық қарым-қатынаста”, – дейді Назымгүл Қайсағалиева, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі.