Айқын Төлепберген: Әселдің тұрмысқа шығуына рұқсат бермеймін
Әнші бірінші әйелімен күнде көрісетінін, ол өте ақылды әйел екенін, ортақ кәсіптері барын айтты.
Айқын төлепберген бәйбішесіне деген құрметі зор екенін бірнеше мәрте қайталап қана қоймай, оны өзге адамға қимайтынын да ашық айтты. "Мен Әселдің тұрмысқа шығуына қарсымын. Уақыт көрсете жатар, рұқсатымды бермеймін,"- деді Айқын Төлепберген. Әнші екі әйелін салыстыра келе Жұлдыздың Әселдің жас кезінен аумайтынын да айтып өтті. "Әсел өте ақылды әйел. Ол менің балаларымды тәрбиелеп отырғанына өте қуаныштымын. Балаларым да өте ақылды. олар менің ата-анаммен өте тығыз байланыста. шетелге демалатын болса да бірге жіберемін. Қонаққа барса да бірге барады. Мен өмірімде болған дүниелердің барлығына, тағдырыма риза адаммын. Ешқашан адамдарға "жылап" көңіл түсіретін дүниелер айтқым келмейді. Қолымнан келсе адамдарға қуаныш сыйлағым келеді.",-дейді әнші.