Басты жаңалықтар

Сайттар "жарылды": Димаштың Лондондағы концертіне билеттер бірнеше сағатта сатылып кетті

Димаш Құдайбергеннің Лондон қаласында өтетін шоу-концертінің билеттері ресми түрде бүгін сатылымға шықты

Сүйікті әншілерінің концертін  Англияның жанкүйерлері  де асыға күтіп отыр. width=

Оған дәлел, ресми сатылымға шыққан билеттердің басым  бөлігі бірнеше сағатта-ақ сатылғандығы.  Осы уақытта Димаштың шоуына билет сатқан сайттар "жарылып" кете жаздаған.

Нәтижесінде, әншінің кешін орнынан тұрып көретін жанкүйерлер алаңында ғана орын қалыпты.

Айта кетейік, қазақстандық әншінің  Лондондағы концерті 19 қараша күні өтетін болады.