Баласының дене қызуы үш айы бойы 40°-42°С-тан түспеген ана жанайқайын жеткізді
Ақтөбе тұрғыны Гүлжанат Бектілеуова ұлы Нұржігіттің өмірге келгеннен бастап ауырып жүргенін айтты
«Ұлымның дене қызуы алғаш қырқынан шығарар кезде басталды. Дәрігерге қараттым. Анализ тапсырып, жұқпалы аурудың бар-жоғын тексерді. Бірақ аурудың себебін таппады. Екпе пен мен гормондар салды. Денсаулығын қалыпқа келтіріп, үйге жіберді. Содан бері дене қызу тез арада көтерлііп кететін болды. Туғаннан әлсіз, аурушаң болды. Бір жасқа толғанда дәрігерлер сал ауруы бар деп жазды. Бірақ оның белгілері байқалмайды. Биыл баламның денсаулығы мүлде нашарлап кетті», – дейді анасы. Айтуынша, жергілікті дәрігерлерден қайран болмайтынын білген ол, ресейлік дәрігерлерге жүгінген. «90 күні бойы баламның дене қызу 40-42 градустан түспей тұрды. Біз емханада жаттық. Астанаға жібермек болып еді, біз қабыладудан бас тартты. Бізді ауруханадан шығарып, барлық жағдайға дайын болыңдар деді. Мен еріктілермен сөйлесіп, көпшіліктен ақша жинадым. Ақыры ресейлік дәрігерлерге апардым. Ондағы дәрігерлер «Қандай анасыз? Баланы баяғыда емдеу керек еді. Қазір кеш» деп ұрысты. Балама пневмонияның іріңді отиті және пневмонияның диагнозы қойылды. Дене қызуын 38 градусқа түсірді. Ұлым аздап тәуірленіп, тамақ жей бастады. Дәрігерлер ұлыма күтім керек екенін айтты. Мемлекеттік деңгейдегі диагностика керек деді. Бірақ Астана мен Алматы қабылдамай тұрса, қалай қаратам? Бас денсаулық сақтау министріне үндеу жолдадым. Құлақ асады деп үміттенем. Ұлым сауығып кетсе деймін. Басқа ешнәрсе керек емес», – дейді Гүлжанат. Одан өзге Гүлжанаттың екі баласы бар. Пәтер жалдап тұрады. Ұлының жәрдемақысына күн көреді. Ұлының күтімі үшін жұмысынан үнемі демалыс алып отыр. Әріптестері оған түсіністікпен қарап, пәтерақысын төлеп беруде. Оларға алғысын айтады. Бүгінде отбасында коммуналдық төлем ақшасы төленбеген, тоңазытқышта жейтін көп тамақ жоқ. Мұның бәрі уақытша ауыртпалық дейді анасы. Бастысы ұлының денсаулығы. Енді бар үміті мәскеулік орталықта. Ол жаққа құжаттарын дайындап өткізген. Қабылдайды деп үміттенеді. Бірақ оған қаражатты қайдан алатынын білмейді. Егер ана мен балағы көмектескіңіз келсе, 8 775 169 72 27 нөміріне хабарласыңыз.