Астана маңында жол кесіп өткен елес қыздың бейнесі жұртты шошытты (видео)
Жолды кесіп өткен елес қыздың бейнесі көрініп қалған бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті
Бейнежазба авторы:
"Мынадай видеоны желі қолданушылары жіберді. Айтуларынша, 17 қазан күні жас отбасы Астанадан Қосшыға қайтып бара жатқан екен. Әзірге видеоның қаншалықты рас екенін білмейміз. Видеоны жолдаған жандардың айтуынша, олар оны бірнеше рет қайталап көргенімен, ондағы бейненің не екенін түсінбеген. Ал, сіздер елеске сенесіздер ме?", - деп жазған.
Желі қолданушыларының сенбесе, енді біреуі "Бұл жағдай рас, бұрындары Қосшы жақта бір қызды зорлап, өлтірген деген қауесет бар. Алайда денесін таппаған, мүмкін сол қыздың аруағы болар" деген пікірлерін де қалдырған.
https://www.instagram.com/p/BpHTUFjlbyq/?utm_source=ig_web_copy_link