Әбестік көрмеймін: Басы дауға қалған Төреғалидің анасы ұлының әуежайдағы шуы туралы ойын айтты
Алматы әуежайында халықаралық ұшаққа билетсіз кіріп кеткен Төреғали Төреәлідің анасы осы қылығы арқылы ұшақты 18 минутқа кешіктірген ұлының әрекетін әбестік көрмейді
Әншінің анасы Аяулым Төлепова Төреғалидің мұндай қадамға баласы үшін барғанын айтады. Отбасын ұшаққа шығарып салған әнші жұбайына көмектесу үшін баласын қолына көтеріп кіргізіпті. “Шу шығатындай сондай болған жоқ. У-шуды білмеймін кім қалай шығарып жібергенін. Ондай баса көктеп ұрыс шығаратындай ештеңе де болған жоқ. Шыны керек, ол шындық. Баласын көтеріп, шығарып салды.», – дейді Аяулым Төлепова. Ал үнемі шудың астында қалатын Төреғали оған үйренсе керек, әуежайда орын алған оқиғаға қатысты "Қит етсем, хит боламын" деп жауап берген. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында орын алған бұл оқиғада Төреғали билетсіз ұшақ бортына кіріп кеткен. Соның кесірінен, Алматы-Гонконг бағытындағы ұшақ жарты сағатқа кешігіп ұшқан. Кейіннен бұл іске жауапты 4 бірдей қызметкерге айыппұл салынды. Сондай-ақ, Төреғалидің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді. Алайда әнші 15 мың теңге айыппұл төлеп құтылатын болды.