Сақалды әжей өзін лаңкес етіп көрсеткен шетелдік БАҚ-ты сотқа бермекші.
Мұхтабар әжей: Жасым 70-ке келгенде құдаларым мен туысарымның алдында ұятқа қалдырды
Түркістан облысында тұратын 70 жастағы Мұхтабар Тораева ұзындығы 15 сантимерт болатын сақалымен танымал. Таяу күндері кейуананың суреті ирандық БАҚ-та жарияланып, «Ислам мемлекетінің» лаңкестік топтарының лидері ретінде көрсетілген еді. Бұл жайттан хабардар болған Мұхтабар әжей шетелдік басылымдарды сотқа беруді ойлап отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасынаcы жазды. Түркістан облысының Тұрбат аулында тұратын Мұхтабар Тораева туыстарымен де, көршілерімен де жақсы қарым-қатынаста. Ауыл тұрғындары зейнеткерді құрметтеп, сыйлап, ақыл-кеңес сұрайды. Алайда шетелдік БАҚ кейуананы лаңкес деп атап, суретін жариялаған. Яғни, «Ислам мемлекетінің» лаңкестік топтарының лидерлерінің бірі Әбі Әли әл- Машхаданидің өлімі туралы жазған ирандық кей басылымдар оның суреті ретінде Мұхтабар әжейдің фотосын қолданған. «Бұл қалай болғаны?! Егер мен сол лаңкестермен қандай да бір байланыста болсам, ең болмаса бір рет сол жаққа барсам жарайды. Ал олар аяқ астынан лаңкес деп атады. Менің жасым 70-те. Құдаларым, туыстарым, көршілерім бар. Олардың алдында ұяламын», – дейді Мұхтабар Тораева. Кейуананың сөзінше, барлығы сақал үшін болып отыр. Отандық БАҚ-та өзі туралы жазыланнан кейін, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында да Мұхтабар әжейдің суреттері пайда болған. Ендігі Мұхтабар Тораева шетелдік БАҚ-ты сотқа беруді ойлап отыр. Алайда әлі нақты шешім қабылдамаған.