Басты жаңалықтар

Данияр  қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатып салды

Қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Данияр Елеусінов АҚШ-та екінші жекпе - жегін өткізді.

Ол Бостонда (Массачусетс штаты) ол жергілікті спортшы Мэтт Доэртимен кездесті. 27 жастағы қазақстандық спортшы кәсіби боктағы жеңісіне қол жеткізді. Ол Мэтт Доэртиді бірінші раундта техникалық нокаутқа жіберді. Бұл Доэртидің алтыншы жеңілісі. Елеусінов ринге 24 қарашада оралады. Монте-Карлода өтетін жекпе жекте кімнің қарсылас болары белгісіз. Еске салайық, Данияр Елеусінов 4 тамыз күні венгриялық Габор Горбичті (26-13, 16КО) ұпай санымен жеңген еді.