Суббота, 25 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қалқаман Сарин бесінші қызына ерекше есім бергенін айтты

Ақын: Әкем 40 жасында 12-ші баласы мені сүйген, мен бесінші рет әке болып отырмын.

21.10.2018
0
Қалқаман Сарин бесінші қызына ерекше есім бергенін айтты

Танымал ақын Қалқаман Сарин бесінші рет әке болып, халыққа қуанышты жаңалығын өзі жеткізді. Ол өзінің бесінші рет әке болуын қазіргі заманда ерлік деп бағалайтындарға әкесін мысал етті.

«Ойлап отырсам, мен өмірге келгенде әкем 40 жаста, анам 38 жаста болған екен. Былай айтқанда «Қырықбаймын» ғой. Марқұм анам 12 құрсақ көтерген. Мен он екіншісі, үйдің кенжесімін. Дәл қазір әкемнің жасында — қырықтамын. Қырық жаста 12 бала тудырған марқұм әкемдей бола алмасым анық енді.

Асылық болмасын, шүкір деп айтайын, Жаратқан ием қырық жасымда бесінші баланың әкесі етті. Бірақ, «Қырықбай» емес, қырық шырақты қыз сыйлады. Алла тағала берген сыйын берекелі етсін!

Сөйтіп,  қызымызды кеше перзентханадан үйге əкелдік. Кернейлетіп керуен тартып, сырнайлатып серуен құрмадық. Жым-жырт барып алып келдік. Баба дәстүрімен кіндік әкесі мен шешесі деп Медет пен Клараны сайладық.

Өмірде де, өнерде де жұбы жарасқан жандар. Өнер адамы деген өлшемге сай кісілік келбетін сақтап жүрген қарапайым да мерейлі отбасы. Өнерлі әйел адамының көркем үлгісін көрсетіп, көпшілік көзайымына айналған Кларадай болсын деп ырым еттік.

Дос жоқ емес, дос көп. Шүкір!  Әйтеуір, әдеттегі жағдай ғой деп аса ешкімді мазаламадық. Тұрсынбек пен Мөлдірге айтсақ, перзентхананың ішін той қылып жіберер еді…
Қайрат  пен Лəззатқа рахмет! Қашанда ақ ниет, адал көңілмен алып-ұшып тұратын таза жандар. Екеуінің еңбегін ертеден кешке дейін айтып тауыса алмаймыз.. Әрине, Мәди досымның да орыны мен  көңілі бөлек. Рахмет!

Қалқаман Сарин бесінші қызына ерекше есім бергенін айтты

«Қызыңызға қандай есім қойдыңыз?»- деп сұраушылар да көп)
Айтайын, қызымыздың атын жанашыр ағамыз Абдулла қари азан шақырып Айша Нұр деп қойды.  Қызымыздың есімі – Айша-Нұр!

Айша-Нұр Қалқаманқызы!Қысқасы, жаңалық осы.. Аман болыңыздар!
Қоңырау шалып, хабарлама жолдап құттықтағандарға мың алғыс!
Баршаңызға Алла разы болсын!

Перзентханаға жиі барып тұрайық!»,- деп жазды жеке парақшасында ақын Қалқаман Сарин.

Бөлісу45Твит28
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6246 бөлісу
    Бөлісу 2498 Твит 1562
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3117 бөлісу
    Бөлісу 1247 Твит 779
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3327 бөлісу
    Бөлісу 1331 Твит 832
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1601 бөлісу
    Бөлісу 640 Твит 400
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2049 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 512
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    879 бөлісу
    Бөлісу 352 Твит 220
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    824 бөлісу
    Бөлісу 330 Твит 206
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2413 бөлісу
    Бөлісу 965 Твит 603
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1561 бөлісу
    Бөлісу 624 Твит 390
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.