Абай Бегей мектеп оқушысына қалай ғашық болғанын айтып берді
Әнші екінші рет үйленемін деп тұңғыш қызымен ренжісіп қалғанын да ашық айтты
Абай Бегей біраз уақыт бұрын бәйбішесінен айырылып, тұңғыш қызын өзі ұзатқан еді. Артынан көп уақыт өтпей өзінен біраз жас кішкентай қызбен көңіл қосып, шаңырақ көтерген. Өз тойына тұрмыстағы тұңғышының келмей қалу себебін айтқан әншіні қолдағандар да, керісінше балаларының көңіліне қарап үйленбей тұра тұру керек еді дегендер де болды. Әншінің өзі болса, "Астана" арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасында бала махаббатын есіне алды. «Мектепте оқып жүргенде, мәселен 9-сынып оқысақ, 7-сынып оқитын қыздарға хат жаздық. Одан жауап күтіп жүретінбіз. Қыздан бір ай дегенде әрең жауап келеді. Онда да ойланам деп жазады. Ол тағы бір ай ойланады. Сондай бала махаббаттар болды», – дейді әнші.