Алматыда журналист Әйгерім Мұсаева өлі күйінде табылды
kyn.kz
Екі баланың анасы бір күн бұрын үйінен шығып, қайтып оралмаған. Телефонын үйінде ұмытқан қыздың денесін туыстары мәйітханадан тапты.
Күні кеше қазақстандық журналист, продюсер Әйгерім Мұсаеваның жоғалып кеткені жайлы ақпарат желіге тарап кеткен болатын.Бүгін келіншектің жақындары оның денесін мәйітханадан тапқан деп хабарлайд.Мұсаеваның жақындары оның жауапты келіншек екенін айта келе, сол күні тіпті телефонын да үйіне қалдырғанын ескертіп, дабыл қақты.Екі баланың анасы жайлы кеше түнде хабар келіп, жақындарын мәйітханадағы мүрдені тануға шақырған.Әзірге журналистің неден қаза тапқаны белгісіз.Әйгерім Мұсаеваның жақыны, қазір құзырлы органдардың осы іске қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.