Тоқтар Серіков: Қылтиған мені ұрған рэкитті Жанар Айжанова талдырып ұрды
Әнші: Мен ол кезде арық едім. Жанар апам еңгезердей ер адамды айналдырып түсірді.
Тоқтар Серіков жаңадан сахнаға шығып жүрген кездерін есіне алып, Жанар айжановамен болған қызықтарын дүйім жұртқа айтып берді. Бұл туралы Тоқтар Серіков "Еуразия" арнасындағы "Кешкі кездесу" бағдарламасында айтты. "Жаңадан сахнаға шығып жүрген кезде Жанар айжанова бізге арқа сүйер аға сияқты, қамқор болды. Тіпті тамағымызды тойдырып, бар ақылын айтатын.Бірде Талдықорғанға концертке бардық. Мен етім сүйегіме жабысқан арықпын. Сыртта тұрған кезімізде, бір еңгезердей жігіт келіп қасыма тұрды. Ойламаған жерден ішіме бір ұрып, сұлатып салды. Күтпеген жерден болғасын, не істерімді білмей қалдым. Бір қарасам Жанар апам жеңін түрді де ананың басына бір ұрып, құлатты. Ол жігітте күтпеген болар, ұшып түсті. Сөйтсе Жанар апам бетіне қарап "Ал осылай істесе саған жақсы болдыма?" деп тұр анаған. Күлерімдіде, не айтарымды білмей қалдым",-дейді Тоқтар Серіков.