Видеодан Владислав Росляков есімді жігіттің қайғылы оқиғаға дейін және жарылыс пен атыс кезіндегі әрекеттерін көруге болады.
4 курс студентінің жасаған барлық былығы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Көріп тұрғанымыздай, студент металл тексергіші жоқ есіктен қару салынған сөмкемен кірген.
Сондай-ақ ол үлкен қоңырауда студенттерідң асханаға барғанын күткен. Содан-соң жарылғышты тастап, өзі алдынан шыққан адамдарды атып тастай берген.
Айта кетейік, Владиславтың өзіне қол жұмсаған сәті видеоға түспеген. Оқыс оқиғадан 21 адам қаза тауып, 50-ге тарта адам жараланған.