Басты жаңалықтар
Қарағандыда туыстары аяусыз ұрып-соққан төрт айлық сәби ауруханаға түскен
- автор kyn.kz
- 22 қазан, 2018
- 222
Дәрігерлер: Сәбидің денесі түгелімен көгіреп, көптеген гематомалары болған
Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің дүниеге келгеніне бар-жоғы 4 ай 20 күн болған. Бөбектің денесінен көптеген гематомалар байқалған.
"Біз болған жайт туралы полицияға хабар бердік. Сәбидің денесі түгелімен көгіреп қалған. Ол мұнда келгенде, мазасызданып, жылаумен болды. Оған барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр", - деді аурухана дәрігерлері.
Сондай-ақ ақ халаттылар сәбидің туыстарының бірі оның қатты жылағанын сылтау қылып, денесін шымшып келгенін айтады.
Қазір баланың туыстарымен полиция қызметкерлері жұмыс атқаруда.