Бақырып жылады: Павлодарлық азамат 6- қабаттан құлаған балақайды қалай құтқарғанын айтып берді
Павлодарда 5 жастағы қыз бала 6-қабаттан құлап кетті. Балақай ауыр жарақатымен ауруханаға жеткізілді
Бес жастағы бүлдіршінді аман алып қалған 41 жастағы Александр Жұмабаевтың айтуынша, оқиға 20 қазан орын алған. Далада әйелін күтіп отырған кезде, басына терезе торы құлап кетіпті. “Күн жарық еді. Төбемнен терезе торы құлап түсті. Жоғарыға қарасам, бүлдіршін құлап келе жатыр. Оған ұмтылғаныммен үлгере алмадым. Ол бұталарға ілініп, кейін жерге құлады. Барсам қозғалып, тыныс ала алмай жатыр. Оны етбетінен жатқызып, мұрнын жауып, жасанды дем бердім. Ол тыныс алып, бақырып жылады. Жедел жәрдем шақырдым. Куәгерлер бүлдіршінге анасын жақындатпай қойған. Оның денесі жарақаттанған болуы мүмкін еді. Қария күртесін шешіп қыздың үстіне жапты. Ол іш киіммен болған. Анасы жүгіріп, жылап келіп құшақтамақ болды. Бірақ біз омыртқасына зақым келеді деп қозғалтпай қойдық. Кейін бірге ауруханаға бармақ едім, полицейлер тыйым салды. Түнімен ұйықтай алмады. Аман ба, тірі ме деп ойладым”,- деді Александр. Белгілі болғандай, Александр мамандығы бойынша көлік жүргізушісі екен. КамАЗ айдаған. Қазір уақытша жұмыссыз. Дәрігерлердің хабарлауынша, қазірде бүлдіршіннің жағдайы қалыпты. Жоғарғы ерні жырылған. Бас-ми жарақатын алған.