Басты жаңалықтар

Неге өз халқыңды фашист сияқты көресіңдер?!: Қуат Хамит биліктегілерді қатаң сынға алды

Халықтың жағдайы күннен-күнге нашарлап бара жатқанын ескерген Қуат Хамит оның барлығына шенеуніктердің кінәлі екенін айтты

«Мен үшін еш  министрдің де, депутаттың да беделі қалмаған. Оларға деген құрметім бұрыннан жоғалған. Олар мен үшін цирктегі сайқымазақтар сияқты. Халықтың қарапайым сұрағына жауап бере алмаған әр шенеунік жұмысынан кетуі керек. Сіздер БАҚ өкілдерінен қашатын актер емессіздер! Біз бәріміз тіпті итке де 28 мың жалақының жетпейтінін білеміз. Орташа жалақы 163 мың деген өтірік әңгімені қойыңыздаршы. Бір түсінбейтінім, сіздер не себепті фашист секілді өз халқыңызды жек көресіздер? Олар соншалық не істеді? Біз тіпті алтыннан, мұнайдан, көмірден , ураннан бәрінен бас тартуға дайын күйге жеттік. Оның орнына 5 қарапайым нәрсені қайтарыңыздар. Азық-түлікті арзандатыңыздар. Жанармай мен білім алу ақысын, медицинны арзандатыңыздар. Жалақы мен зейнетақыны көтеріңіздер. Біз Дубайда өмір сүретіндей  жағдайды талап етіп отырған жоқпыз. Тек лайық жұмыс беріңіздерші. КСРО кезіндегідей орташа, жақсы тұруға мүмкіндік беріңізер. Жалдамалы пәтерде, сарайда тұрып жатыр. Әркім елден кеткісі келеді. Сіздердің мойындарыңызда қарыз. Қалай түк болмағандай отырсыздар? Егер бұл нәрсені шеше алмайтын болсаңыздар, не үшін отырсыздар? БАҚ ұйықтамаңыздар, менің сөзімді оларға жеткізіңіздер. Мен олардың бетіне айтуға дайынмын», – деді спортшы өзінің желідегі парақшасында. https://www.instagram.com/p/BpGIy_nH-2c/?utm_source=ig_web_copy_link