Басты жаңалықтар

Елордалық әже бір айда 106 рет жедел жәрдем шақырған

Астанада 86 жастағы кейуана бір айда 106 рет жедел жәрдем шақыртыпты. Анықталандай, ол көптеген созылмалы аурудан зардап шегеді екен

86 жастағы кейуана көптеген созылмалы аурудан зардап шегеді екен. Қалалық жедел жәрдем стансасының шұғыл ақпараттық диспетчерлік бөлімнің меңгерушісі Бота Сәдетханның айтуынша,  кейуана жедел-жәрдемді жиі шақырғаны сонша- дәрігерлер әженің мекен жайын жаттап алып, ол шақырған кезде үнемі баратын болған. Кейуана көкірек қуысының ауыратынын айтып шығамданған екен. Сондықтан жедел-жәрдем қызметкерлеріне оның кезекті қоңырауларын жауапсыз қалдыруға болмаған. Сонымен қатар ол егде жастағы әйелдің қарттар үйіне жіберлігенін айтты. Қазіргі уақытта кейуана жедел жәрдемге қоңырау шалмайтын болған.