Павлодар облысында қоқыс жәшігінен шақалақтың өлі денесі табылды
Павлодар облысында қоқыс жәшігінің ішінен сәбидің өлі денесі табылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді
Сәбидің денесін тапқан құзырлы орган өкілдері тез арада шақалақтың анасын ізлеуге кіріскен. Анықталғандай, баланың анасы Ефремовка ауылының тумасы, қазіргі уақытта Ақсу қаласында тұратын азаматша екен. Ата-анасынан қорыққан бойжеткен олардан жүкті екенін құпия ұстап, жасырын түрде үйінде босанған.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, оқиғадан кейін бойжеткен аурухананың гинекология бөліміне тексеруге жіберілген.
Қазір оған психологиялық және медициналық көмек көрсетілуде. Ал баланың қалайша қоқыс арасына түскенін полицейлер анықтап жатыр. Олар нәрестенің мерзімі жетіп туылғанын да айтты.