Төреғалидің ұшаққа билетсіз кіруінің себебі белгілі болды
Төреғалидің үстінен қозғалған қылмыстық іс те жабылды.
Әнші Төреғали Төреәлі Алматы-Гонконг бағытындағы ұшаққа билетсіз кіріп бүкіл елді дүрліктірген еді. Алғашында әнші бір жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін деген болжамдар да жасалды. Алайда қылмыстық істің соңы әншінің 15 мың көлемінде айыппыл төлеуімен аяқталды. 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сұхбат берген әнші ұшаққа сол кезде ауырып тұрған үлкен қызын емдету үшін кіргенін айтқан. Ал әнші Тоқтар Серіков болса Төреғалиді ақтап, халықты тынышталуға шақырған еді. "Төреғали халықтың адамы. Оны елдің еркесі еткен халықтың өзі. Сондықтан бір-бірімізді аяқтан шалмай, керісінше қолдан келсе демеп жібергеніміз абзал. Бас жарылып, көз шыққан ештеңе жоқ. Тура сол Төреғалидің қолынан, кесірінен кісі өлгендей шулағанымыз ұят дүние."- деді Тоқтар Серіков "Айта берсін" бағдарламасына берген сұхбатында.